Этникалық театрлар фестивалі өтеді

Алдағы 20-23 тамыз аралығында Қостанай қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан ұлттық (этникалық) театрларының V Республикалық  фестивалін өткізеді.
IMG_4202
Ұлттық мәдени фестивальдар – бұл Қазақстанда өмір сүріп отырған және еңбек етіп жүрген әр ұлт өкілдерінің қазіргі заманғы таланттар шоғырын көруге мүмкіндік беретін айрықша оқиға, олардың шығармашылық қызметінің белгілі деңгейде қорытындылау мүмкіндігі, өзге халық мәдениетіне жақындау, біздің еліміздің әр азаматының жеке маңыздылығы мен қажеттілігі сезімі.
Фестиваль актерлер мен режиссерлер үшін даму, тәжірибе алмасу алаңы. Ол елдің тілдік және мәдени көптүрлілігін сақтауға, бір-бірін мәдени толықтыруға, Қазақстан халықтарының мәдениаралық сұхбатының одан әрі дамуына ықпал етері сөзсіз. Еліміздің этникалық театрлары өз сахнада мемлекетімізде тұратын барлық этностар өнерін насихаттайтын болады. Шараның басты мақсаты мәдени және тілдік алуантүрлілікті сақтау, этностар мәдениетінің өзара толысуы, елдегі этникааралық келісімді нығайту және Қазақстан халқының бай мәдениетін одан әрі дамыту болып табылады.
IMG_4223
Фестивальға Шымкент қалалық өзбек драма театры,  Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры, Құдыс Қожамияров атындағы  республикалық мемлекеттік академиялық  ұйғыр музыкалық комедия театры, Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Қостанай облыстық орыс драма театрлары қатысады.
Фестиваль бағдарламасы төрт күнге әзірленген. 20 тамыз күні сағат 09:30-да Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры алдында фестивальдің ресми ашылуы өтеді. Фестивальдің ресми ашылуына орай арнайы баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Баспасөз конференциясына танымал театр майталмандарынан тұратын қазылар алқасы мен сыншылар алқасы, ұйымдастырушылар қатысады. Қазылар алқасының төрағасы – Еркін Жуасбек, қазылар алқасының мүшелері – Михаил Токарев, Анар Еркебай, Сайлау Қамиев, Қазақстан Республикасы Мәжілісі Парламентінің депутаты Наталья Жұмаділдаева қатысады.
IMG_4267
20 тамызда Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының труппасы («Махаббат туралы Поэма» спектакль-эпосы) және Қостанай облыстық орыс драма театрының труппасы («Ақ келіннің махаббаты мен өлімі» трагедиясы) атты үздік қойылымдарын ұсынады.
21 тамызда көрермен алдында Шымкент қалалық Өзбек драма театрының («Қасқыр ұлыған түн» драмасы) және І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері («Ақ бас бүркіт» драмасы) өнер көрсетеді.
22 тамызда театр сахнасында мемлекеттік К.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының ұжымы өнер көрсетеді («Апат» музыкалық пластикалық спектаклі).
Фестивальдің салтанатты жабылуы мен жеңімпаздарды он номинация бойынша марапаттау Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың, Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетовтың қатысуымен 23 тамызда сағат 10:00-де Жастар сарайында өткізіледі деп жоспарланған.
IMG_4503
Сонымен қатар, негізгі бағдарламадан тыс фестиваль қатысушылары үшін Қостанай қаласының көрікті жерлерін көрсетуге арналған мәдени бағдарлама қарастырылған.
Фестивальдің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен.
Қостанай қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль қойылымдарын Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры мен Қостанай облыстық орыс драма театры  сахналарынан тамашалай алады. Барлық көрермендерге қойылымдарға кіру тегін.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓