Жеткен жетістік жетерлік

   Үкімет басшысы Қостанай қаласындағы "СарыарқаАвтоПром" АҚ базасында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Басты тақырып – ауыл шаруашылығы техникаларын шығару ісі мен отандық автоөндірістің дамуы.
39966805-f91e-49cb-99f7-b62a2e665815
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Қостанай облысының машина жасау ісіндегі көрсеткіштеріне тоқталды. 
    – Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің тарихы жол талғамайтын «Нива» жеңіл көлік құрастырудан бастау алған. Мұнан кейін елімізде «СарыарқаАвтоПром», «СемАЗ», «КАМАЗ-Инжиниринг», «Hyundai Trans Auto», «Daewoo Bus Kazakhstan» секілді автокөлік құрастыру кәсіпорындары жұмысын бастады. Осы кәсіпорындардың жұмыстарының нәтижесінде тәуелсіз елімізде автоөнеркәсіп секілді жас та жаңа сала пайда болып, жылдан-жылға жетіліп, қарқынды даму көрсеткіштерін бақылатты. Оның ішінде Қостанай облысы  көлік шығарудың заманауи тетіктеріне көшкен. Жаңа индустрияландырудың бірінші бес жылдығының қорытындысында автомобиль өндірісі өңдеу өнеркәсібіндегі ең қарқынды дамушы сала ретінде танытты",- деді Роман Скляр.
3ab0d863-1b05-40a5-ac90-885945f51531

     Архимед Мұхамбетов облыстың экономикалық жетістіктерін жіпке тізді. Айтуынша, өңірдегі ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру ісі 2005 жылдан бері қарқын алды. "Агромашхолдинг KZ "АҚ "Essil" маркалы комбайндарды шығарады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1000 комбайнды құрайды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 141 комбайн, 2018 жылы 235 комбайн сатылымға шықты. 2019 жылғы қаңтар-мамырда 53 бірлік шығарылды деп хабарлайды жиында отырған тілшіміз Қасқырбай Қойшыманов. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓