Жағдай тұрақты

Аймақ басшысы Жітіқара ауданына жұмыс сапары барысында жергілікті шаруалармен кездесіп, егін-жайлардың жағдайымен танысқан болатын. Кездесу барысында қуаңшылықққа төтеп беру үшін агротехнологиялармен айналысу қажеттілігін атап өтті. «Желқуар-2003» серіктестігіндегі егістік  алқабы 4 мың гектардан асып жығылады. Алқапты аралаған өңір басшысы биылғы құрғақшылық салдарынан шаруалардың егінсіз қалу қауіпі де бар, оған себеп жауын-шашынның болмауы себеп екендігін тілге тиек етті.
-Шаруашылықтарды шығынға батырмас үшін агротехнологиямен айналысу қажет. Себебі, кейбір аудандар өнім түсімін арттырып отыр. Маусымдық жұмыстар басталар адында үкіметтен қолдау міндетті түрде көрсетіледі. Осы кезден бастап тұқым әзірлігіне кіріскен жөн. Сондай-ақ, жұмысшыларға жалақыларын уақытылы төлеу керек, – деді аймақ басшысы.
«Желқуар-2003» серіктестігі болашақта жерді суландыру технлогиясы арқылы экспортқа бағытталған өнімділігі жоғары дақылдар егу ісін жандандырмақ. Атап айтар болсақ, жоңышқа, жүгері егіп оны Иран, Қытай елдерінің нарығына шығаруды көздейді.
-Мал шаруашылығын өркендету бағытында бірнеше жоспар құрдық. Алдымен Бордақылау алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Жоба құны 4 млрд теңгеге бағаланған. Абердин ангус, герефорд тұқымды  ірі қараны өсіруді мақсат етудеміз, – дейді «Желқуар-2003» ЖШС-нің қаржы директоры Есбол Айсабаев.
IMG_5281
Ауданға жасалған іссапарында облыс әкімі қалалық "Жітіқаракоммунаэнерго" МКК орталық жылыту қазандығының жұмысымен танысты. «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде жақында 3 жылу қазандығы жөндеуден өтті. Кәріз жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары да алдағы уақытта жалғасын табады.
IMG_5385

Жастарға арналған 106 жоба іске асырылмақ

Бұдан соң облыс әкімінің қатысуымен  Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері, қала және аудан әкімдері, мемлекеттік органдар , оқу орындарының жастар ұйымының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Өскелең ұрпақ арасында патриотизмді дамыту, еңбекке араластыру  – бұл жастар саясатын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі болып саналады.
-Елімізде жастар саясатын іске асыруға ерекше көңіл бөлінген. Елбасының қолдауымен жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені  жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстардың ауқымы биылғы Жастар жылы аясында одан әрі кеңейіп отыр. Сонымен қатар әлі шешімін таппаған келелі мәселелер де бар. Барлық мемлекеттік органдар , жастар ұйымдары, оқу орындары оны жүйелеп, талдап, орынды шешім қабылдауға ықпал етуі қажет. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру ҚР-ның Тұңғыш президенті Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының басты бағыттарының бірі болып табылады. Еліміз білімді, интеллектуалды дамыған  және мақсатты жастарды қалыптастыру үшін барынша қолайлы жағдай жасауға аса мүдделі, – деді Архимед Бегежанұлы.
IMG_5580
Күн тәртібінде облыстағы және жекелеген аудандардағы жастар саясатын іске асыру барысы қарастырылды.  
Жастар саясатын қолдауға бағытталған қаражат көлемі облыста 40 %-ға өсіп, 336 млн теңгеден асқан. Биыл  мемлекеттік тапсырыс шеңберінде  106 жоба жүзеге асырылмақ. Жыл басында студенттерге арналған 29 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде 600-ге жуық жас маман мекеме кәсіпорындарға жолдама алып, жұмыспен қамтылған.
IMG_5430
-Елімізде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың бағыттарын түсіндіру үшін ауылдық жерлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы іске асырылғалы бері Қостанай  өңірінің ауыл-аудандарына 4 мың жас маман аттанды, – деді Қостанай облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы» аясында жастардың бастамасымен 82 жоба іске қосылды. Биыл 3 жоба мақұлданып, «Жас кәсіпкер» жобасына Жітіқара ауданында 60 адам қатысқан. Олар өздерін ғана емес , өзгені де жұмыспен қамтып отыр.
Отырыстан соң қонақтар жаңадан іске қосылған субұрқақты тамашалады. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік жасауымен сәні мен сәулеті үйлескен нысан аудан орталығында бой көтерді.
Сондай-ақ, аудан халқының игілігіне дене шынықтыру және сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
-Елбасы осыдан бірнеше жыл бұрын өзінің кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықты бұқаралық спортқа тарту туралы тапсырма берген болатын. Ол көрсеткішті 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу көзделген болса, біз бұл тапсырманы бір жылға ертерек орындап отырмыз. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 31,6 пайызға  бұқаралық спортпен шұғылданып және толық қамтылды деп айтуға болады. Оған себеп жаңа спорттық кешендердің бой көтеруі, – дейді өңір басшысы.
Бір жылға жуық уақыт жүргізілген нысанның құрылысына жұмсалған  қаражат 440 млн теңгені құраған. Кешенде түрлі жаттығулармен шұғылдану үшін арнайы заманауи залдар бар. Спорт министрлігімен жасалған меморандум аясында облыс аумағында осындай 6 спорттық сауықтыру кешендері бой көтермек.
 

 

Суреттерді түсірген Б. Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓