«Тың целина – 2019»

Жітіқара қаласының мерейтойы мен тұспа-тұс келген «Тың целина – 2019 спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі күмбірлеген күймен басталды. Жітіқара облыстық спартакиаданы қабылдау үшін тыңғылықты дайындалған. Астықты аймақтың әр ауданынан ең мықты 20 команда өз өңірлерінің туын желбіретіп, орталық стадионның алаңын айналып өтті. Жыл сайын спартакиадаға қатысушылардың саны артып келеді.  Спорт бәсекесіне облысқа қарасты барлық қала мен аудан спортшылары қатысты.
IMG_5986
Ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, облыстық спартакиада Қостанай спортшылары үшін республикалық және халықаралық жарыстар сияқты маңызды оқиға екенін атап өтті.
IMG_6088
Жітіқара ауданы ұйымдастырған айтулы мереке көпшіліктің көңілінен шықты. Спартакиада барысында қатысушылар күрес, жеңіл атлетика, футбол, баскетбол, волейбол, шахмат іспетті спорттың 18 түрінен бақ сынасты. Жарыста облыс орталығының өкілдері алдына жан салмады, ал рудныйлық қатыушылар екінші сатыға табан тіреп, жітіқаралықтар үшінші орынды місе тұтты.
Жарыс соңында жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев марапаттады. Спартакиданың жабылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев жарыстың жоғары деңгейде өткенін айтып,  ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Спартакиада алауы салтанатты түрде Қамысты ауданына берілді. Осылайша, 35-ші кіші олимпиада ойындарын Қамысты ауданы өткізетін болды.
 
 
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓