Суретшілер әлемі

"ССКӨБ" АҚ Жылжымалы құрамды жөндеу басқармасында осындай атаумен сурет байқауы өткізілді. Бөлімшенің жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушысы мен кәсіподақ комитеті ұйымдастырған   іс-шара осы жексенбіде мерекеленетін  Көлік қызметкерлері күніне арналды.
– Әдетте бізде тамаша дәстүр қалыптасқан: Жаңа жыл, Еңбекті қорғау, Қоршаған ортаны қорғау күндері қарсаңында қызметкерлердің балалары арасында сурет салудан байқаулар өтіп тұрады. Биыл форматты өзгертіп, жарысқа қызметкерлердің өзін қатыстырдық. Олардың көбі өмірінде тұңғыш рет қылқалам мен майлы бояумен сурет салуға ар-налған кенепті ұстап отыр, –дейді жастардың көшбасшысы Марина Тюкина.
4 от куаныша
Көркемсурет марафонына келген көлікшілер паровоздар мен электровоздарды, темір кені тиелген жылжымалы құрамды бейнеледі. Бірі қиялдан салса, екіншісі тапқырлық танытып дайын фотоларды қағаз бетіне түсіріп жатты.
Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығы креативті жұмыс, ең үздік бояу, ең ынталы, ерекше авторлық стиль, динамикалық композиция, орындау шеберлігі аталымдары бойынша грамоталармен марапатталды.
Куаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓