Арманы асқақ Асан

"Кенші еңбегі" айдарында кен алыбы – Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінде абыройлы еңбек етіп, әріптестеріне үлгі болған түрлі мамандық иелерімен таныстыруды қолға алып отырмыз.
Бүгінгі кейіпкеріміз – шар илемдеу орнағын басқару бекетінің операторы Асан Құшманов. Жас маман Металл илектеу зауытында бес жылдан бері жұмыс істеп келеді.
– Болат шарлар Кен дайындау және байыту фабрикасындағы диірмендерде темір кенін ұсақтап, үгіту үшін қолданылады. Зау-ытқа келіп, олардың өн-дірісімен тұңғыш рет танысқанда зор әсерде болдым. Өйткені теория бір бөлек, өз қолыңмен ұстап, көзбен көрген бір бөлек екен. Сол сәттен бастап өмірімді металлургия саласымен байланыстырып, дұрыс ше-шім қабылдағаныма көзім жетті, – дейді ол.
Асан
Болат өндірісінде илемдеуге дейінгі міндетті жұмыс – металды қыздыру. Ол металл салынған жылыту пештерінде жүзеге асырылады. Басқару бекетінің операторы диаметрі көрсетілген параметрлер бойынша шарларды шығару үшін орнақтың тетіктерін баптайды, дайындаманың температурасы мен роликтің жылдамдығын бақылайды. Сондықтан түрлі жағдайларда жылдам шешім қабылдау – осы мамандыққа тән ең қажетті қабілеттің бірі.
– Бригададағы жігіттер-дің барлығы – өз ісін жетік меңгерген еңбекқор, адал әрі ұйымшыл азаматтар. Басшылық бізге үлкен сенім артып отыр. Сол себепті жұмысымызға қай уақытта болмасын үлкен жауапкершілікпен қараймыз, – дейді Асан.
Жас жігіттің алға қой-ған мақсаты биік, арманы асқақ. Ол өз болашағын туған кәсіпорнымен және кеншілер қаласымен ғана байланыстырады. Ендеше, іске сәт!
Куаныш ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓