Төл өнерімізді қолдау ма, әлде…

IMG_7442Газетімізде бұған дейін жазғанымыздай, қазақтың төл өнері жыраулық дәстүрді болашақ ұрпаққа насихаттап, зерттеп-зерделеу барысында өңіріміздің оңтүстік аудандарына экспедициялық сапарға шыққан болатынбыз. Соның қорытындысы күні кеше ғана өткен "Туған өлке толғаулары" фестивалінде жарияланды.
Осы игі істің басы-қасында болып, жауһар жырларымызды ауыздан-ауызға таратып, таңды-таңға созып жырлайтын жыршыларымыздың бүгінгі хал-ахуалы жайында жақ ашпақпыз. Алғашында сапарымыз оңды нәтижесін берді. Іштей "бұл өзі керемет жайт екен. Мәдениеттің тізгінін ұстаған басшылардың ниеті түзу тәрізді. Ұмыт бола бастаған жыршылық дәстүрді насихаттауы құптарлық" деп газетіміздің ақпараттық қолдауын алып, бардық. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Арқалық, Аманкелді, Торғай жерлеріндегі көнекөз қарияларымызды көрдік. Небір құнды дүниелерді таспаға түсіріп, Алтын қорымызға жинадық, ғибратты дүние жасадық. Сол сапарда бірге жүрген айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен дәстүрлі әндерімізді насихаттаушы, Е.Өмірзақов атындағы филармонияның әншісі Талғат Молдағалиев барлығымыз бірауыздан "алдағы күндері облыстық фестиваль өткізіп, экспедицияны қорытындыласақ, газет бетіне жарияласақ" дедік. Ақыры, бұл ойымыз құпталып, мәдениеттен қолдау таптық. Олар алдын-ала жоспарға енгізіп, өтетін уақытын белгілеп те қойды.
Сөйтіп, игі істі "облыстық" деп айдар тағып, күні бұрын хабар беріп, түу қияндағы Торғайдан ат сабылтқан жыршыларымызды шақырдық. Нақ уақыты таяп қалғанда фестивальге бөлінетін қаржы табылмай қалды. Осы істі үйлестіріп, барлығымыздың басымызды бір арнаға тоғыстырып жүрген Салтанат Өтелбаева пұшайман күй кешті. Құлазыды. Енді қайтсін, қонақтарын шақырып, олардың алды келіп те қойса?.. Қайтпек керек?!
Содан фестиваль өтті. Ақсақалы мен қарасақалы түгел жиналды. Соғыс ардагері, айтыскер ақын Қасымхан Алдабергенов бастаған, елімізге танымал Нағашыбай Алпысов Жамбылдың 150 жылдығында бас жүлдені жеңіп алған , арқалықтық Қуанышбай Қазымбеков, белгілі жырау Монтай Өтепбаев, кезінде айтысқа қатысып, Назарбек ақыннан бата алған Фазылхан Мауданов сияқты аталарымыз қатынасты.
Зал толы көрерменнің дені өзге ұлт өкілдерінен жиналған  сту-денттер. Олар жыршыларымызды тыңдамақ түгілі, құлақтарына   наушник киіп алып, бір-бірімін бөсті де отырды. Ара-тұра ескерту жасап қойсақ та пысқыратын түрі жоқ. Сүт пісірімдеу уақыттан кейін кейбірі бірін-бірі жетелеп кетіп қалды. Байқаудың орта тұсында таздың шашындай селдіреген он адамның отырғанын көрдік. "Апыр-ай, бұнысы несі?!" деп ұлттық өнерімізге құрметпен қарамаған мәдениет басшылығының ісіне налыған сол жердегі кейбір ағайындарды да көзіміз шалды.  Іштен уайым жеп біз отырдық. Бар "қызық" марапаттау рәсімінде көрсетілді. Бір-бірден "Алғыс хатын" үлестіріп, "осы тойғандарыңа риза болыңдар" деп қайқайтып жібердік. Мына көріністі сырттай бақылап отыр-ған көрерменнің бірі, ақсақалымыз Абдолла Жанғабылов шыдай алмай сахнаға шығып, намыстан жарыла жаздап, іштегі сырын, өкпе-ренішін жеткізді.
IMG_7456– Ау, ағайындар-ау, бұл қайткендерің?! Төл өнерімізді таптау ғой бұл. Не тыңдайтын құлақ жоқ, не сөз бастап, ықылас танытқан басшы жоқ! Ұят емес пе?! Бұдан да фестивальдің өткенінен өтпегені жөн еді ғой! Қай мазақ бұл! Әрі-беріден күйіп-пісіп жүрген Салтанат Өтелбаеваның, әлгінде мәдениеттің атынан сөз сөйлеген Роза Төлешқызының бұл жерде түк кінәсі жоқ. Мәдениет басқармасының басшысы, тіпті осы игі іске мұрындық болған "Халық шығармашылығы орталығы" деп аталатын мекеменің басшысы қайда?! Бір төбе көрсетуге жарамағаны ма бұл?! Меніңше, төл өнерімізге осындай "құрмет" көрсету барып тұрған мазақ емей немене?!– деп ащы да болса әділ сөзін айтты. 
Ал, оқырман сіз не дейсіз?..
P.S. Айтпақшы, сол іс-шарадан соң іле-шала Әлібек Ибраев әріптесіміз, ағамыз фейсбук парақшасына өз пікірін айтып, әбден көңілі қалғанын жеткізген екен. Біз де ол кісінің ойына   жақтаспыз. 
Нұрболат
     Мешітбаев
Суреттерді түсірген
Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Фестивальге қатысушылар
Өнер жанашыры Абдолла Жанғабылов
 

You may also like...

6 Responses

  1. Ғани Атымтай айтты:

    "Таздың шашындай"?! Тазда шаш бола ма не?)))

  2. Шындык айтты:

    Нұрболатт бауырым жарайсың, жазарын көп болсын! Бірақ термені халық тындау үшін термешілер адамды жалықтырмай айту керек. 

  3. Нұрболат қалқам мына мақалаңда "Төл өнерімізді қолдау ма әлде қорлау ма деп жазғың келгенін көп нүктеңнен түсініп менде бір осы өнердің жанашыры болғандықтан өз ойымды білдіргғлі отырмын.

    Біріншіден сенің жасаған көмегің үшін көп рахмет. екіншіден қазақ халқының керемет өнері сеніңше ақшамен ғана есептелетін болғаны ма. Үшіншіден фестиваль болған соң  ешкімге орын беріліп ақша сыйлық берілмейді. Төртіншіден көрермен аз болды депсің біз әдейі жастарды төл өнеріміздің ауылына шақырып таныстырып , қазақстан елінде тұрып жатқан барлық ұлттың  ұрпағының санасына сіңіру мақсатында оқушылармен студенттерді шақырдық, Иа арасында кетіп қалғандары болды 100 студенттен 40  шақтысы аяғына дейін көріп тамашалап отырды. Біле – білсең осының өзі біз үшін үлкен жеңіс еді . Жыршы термешілік төл өнерімізді тыңдап қадірлей білетін ат төбеліндей болса да ұрпақ бар екенін көріп қуанып қалдық. Ал жыр дария Қасымхан атамыз, Фазылхан, Нағашыбай, Монтай, Қуанышбай ағалар болса ақша үшін емес ұрпақ үшін қызмет еттік деп ойлайтындарына мен кәміл сенемін. Иә Облыстық халық шығармашылық орталығының директоры Мұрат Ошанұлы Сейлов пен Салтанат Өтелбаеваның төл өнеріміз өліп бара жатыр деген жан айқайының арқасында сіздерді ертіп Арқалық, Аманкелді, Жанкелді аудандарын аралап жасаған экспедитциялары өз нәтижесін беді деп мен ғана емес азда болса көзімен көрген қарияларда алғыстарын айтқанда белгілі болды деп ойлаймын. Қортып айтқанда біткен іске сын айтушы табылған мен көмек көрсетуші табыла бермейтінін өзіңде жақсы білесің. Абдолла ағамыз сын айтқанмен қоса қалтасынан ең құрығанда Қасымхан атаға бір 100000 мыңын лақтырып тастап жомарт қазақтың қандай болатынын көрсетсе жағдайы бар кісі ғой. ДЛегенмен айтуға бәрі оңай қолдан берері жоқ сын айтқыштарға жүрегім ауырады  Қазақстанға белгілі айтыскер ақын"ҚР мәдениет қайраткері" Әлпия Урманшина. қазақтың қ

  4. Бақыткүл айтты:

    Іс-шараны өткізген соң, дұрыстап өткізген дұрыс емес пе?! Қазақ тіліндегі іс-шаралар қалай болса солай емес, жоғары дәрежеде өткізіліп жатса, халыққа алдын-ала айтылса, өнерсүйер қауым өзі де жиналмас па еді. Сонда ол кім үшін өткізіледі. Жай есеп үшін ғана ма. Түсініксіз.  

  5. Нурболат айтты:

    Әлпия апа, Сізді қатты құрметтеймін!.. Бірақ біз айтпасақ, ұлттық өнерімізге жанашыр басқа да жандар айтпаса тірлігіміз не болмақ?.. Айтыңызшы, қазіргі заман мүлдем басқа. Оны өзіңіз де жақсы білесіз. Кезіндегі Кеңес заманының идеологиясы өтіп кеткен қу қағаз өз заманында беретінін берген. Ал, қазір оны ешкімге де түсіндіре алмайсыз. Уақыт басқаша. Біз себебі, нарықтық заманды бастан өткеріп, капиталистік қоғамда өмір сүрудеміз. Қоғам солай қалыптаса бастады. Төл өнерімізді де заманға сай дәріптеу керек. Оның бірден-бір көзі қаражат құю арқылы. Ойлаңызшы, кім қазір ақшасыз-пұлсыз тірлік істейді. Тіпті, мен де істемеймін. Себебі, коммунистік қоғамда емес, каптиалистік дәуірде өмір кешудемін. Әр еңбектің өз құны бар. Міне, соны айтпақпын… Егер шындықты айтамын деп ренжітсем, кешірерсіз! Қазір айтыс та, мүшәйра да сол құрғыр ақшамен дамуда. Баяғыдай, өзіңіз айтқандай, кітапты да тегін шығара алмаймыз. Өйткені, құны бар. Қазіргі өнердегі жандар оны сезеді, біледі. Бірақ, Сіз қалай бұған көз жұма қарайсыз? Соны айтпақпын, апа?..

  6. Мадина айтты:

    Таз таранганша той таркайды деген макал бар емес па? Таздын шашындай деген созди, калай тусинбеске?????

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓