Университетте – жаңа ректор
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры болып Хұсайын Хасенұлы Уәлиев тағайындалды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев іс-сапармен келіп, университеттің жеке құрамымен кездесу ұйымдастырып, Хұсайын Хасенұлын жаңа қызметімен құттықтады.
Хұсайын Уәлиев – Қостанай облысына қарасты Әулеикөл ауданынын тумасы. Астықты өлкеге аты белгілі, техника ғылымының докторы, профессор азамат бұған дейін де Ахаң атындағы білім ордасында басшылық етті. Одан кейін ҚР Парламенті сенатының депутаты болған.