Төзімділер – триатлонда!

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағында Қостанай облысы триатлон федерациясының кубогы үшін ашық жарыс өтті. Ауқымды додаға Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Шымкент, Алматы, Павлодар, Теміртау және Орал қалаларынан спортшылар келді. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.IMG_8002
Жарыстың бас төрешісі Юрий Гриневтің «Қостанай таңына» берген мәліметіне сүйенсек, жүзге жуық спортшы екі бағытта: дуатлон және триатлон бойынша сынға түсті.IMG_8048
 
IMG_8069
IMG_8057–  Дуатлонда 2,5 шақырым жүгіріп, содан кейін 20 шақырым велосипедпен жүру қажет. Содан кейін тағы 5 шақырым жүгіреді. Ал триатлонда қашықтық ұлғаяды және жүзу спорты қосылды. Судағы қашықтық – 1,5 шақырым, велосипедпен 40 шақырым жүріп, тағы 10 шақырым жүгіреді. Қысқасы, триатлон – әмбебап спортшылардың жарысы, – деді ол.IMG_8010
 
IMG_8010
IMG_8013Жарысқа 18-65 жас аралығында спортшылар қатыстырылды. Олардың дені жеке велосипедтерін алып келген. Айта кетейік, триатлонға екі бойжеткен қатысты. Қостанай тұрғындары Алматы марафон қауымдастығының директоры Салтанат Қазыбаева мен теміртаулық Инна Вишняковаға жанкүйер болды.
Триатлон жеңімпазы – қостанайлық Вячеслав Гаранин. Ол мәреге 2 сағат, 24 минут, 49 секундта жетті.IMG_8092
– Ең қиыны – жүгіру. Велосипедпен жүру кезінде жел көмектесті.  Мәреге 20 минут қалғанда топтан сытылып шықтым. Жарыс жолы ешкімге де оңайға түскен жоқ, – деп түйді кубок жеңімпазы.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓