Келелі мәселелер шешімін табуы тиісті

алмасЕлімізде ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен құрылып отырған ұйым. Әрине, қоғамдық кеңестің құрылуы біздің мемлекетімізде, елімізде, отанамызда, қоғамымызда күрделі жағдай қалыптасып отырғандығының көрінісі. Яғни, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс бізде алшақтап, үзіліп кеткен. Әрине, негізінен бұл байланыс депутаттар арқылы жүзеге асуы тиісті еді, бірақ өкінішке қарай бұл қазіргі таңда мүмкін болмай отыр. Бұл сайлау жүйесінде олқылықтар бар екенін білдіреді. Демек, осы қоғамдық ұйымға сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар түседі деп сенеміз. Сонымен қатар БАҚ туралы заңға, митингі туралы заңдарға, сонымен қоса әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететін кейбір заңдарға өзгерістер енгізеді деп күтеміз. Мысалы, зенетақы жинақтау қоры туралы, бұл да қазір көпшіліктің көңіліне күмән тудырып жүр. Бұл мәселеге көңіл аудару керек. Себебі, қазір зенатақы қорлары дағдарысқа ұшыраған сияқты. Міне, осы сияқы елімізде қордаланған, шешімді тез арада талап ететін мәселелер қоғамдық кеңесте шешімін тауып, алдымен саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуына ықпал ететін келелі мәселелерге, заңдарға өзгеріс енгізу туралы ұсыныстар түседі деп күтеміз.  
 
Алмасбек Әбсадықов,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓