Ел оңсын, Ту тозбасын…
Науырзым ауданындағы Қарамеңді ауылдық округі әкімдігінің ғимаратына ілінген Мемлекеттік Тудың түрі осы. Күн мен жел қақтап, әбден тозған қасиетті көк байрақ туға емес тулаққа ұқсайды.
Ал аудан орталығындағы өрт сөндіру қызметі ғимаратында жыртық ту ілініп тұр. Жел тырнап, шеті сөгіліп, шашақты туға айналған.