Әріптесіміз жеңімпаз атанды
Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – республикалық "Egemen Qazaqstan" газетінің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама" мақалалар байқауы қорытындыланды. Облыс тілшілері арасында әріптесіміз, "Қостанай таңы" газетінің белді журналисі Қасқырбай Қойшыманов 1-орынды иеленді.



" Бұл – Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Бейімбет Майлин сынды көптеген қабырғалы қаламгерлердің қолтаңбасы қалған басылым. "Ұшқын", "Еңбекші қазақ", "Социалистік Қазақстан" кездерінен бері халықтың тынысына айналып келді. Осы уақытқа дейін 38 басшы газеттің тұтқасын ұстапты. "Egemen Qazaqstan"-ды елдің газеті және биліктің "Бұқар жырауы" десек болады. Сондықтан, осы байқау ата басылымның бүгінгі жас тілшілерге берген батасы болсын деп тілеймін", – деді Нәзира апамыз.
"Қарашаңырақтың жүз жылдық мерекесі құтты болсын! Бұл байқауды бас газетпен бірлесе ұйымдастырып отырмыз. Облыс тілшілеріне қанат бітірген шараның жүзеге асуына түрткі болған басылымға облыстық Тілдерді дамыту басқармасы атынан алғыс айтамыз. Алғашқы саны шыққан күннен бастап қазақ тілінің дамуына ерекше үлес қосып келе жатқан "Egemen Qazaqstan" газетінің ұлтымыз үшін қашанда құнды", – деп лебізін білдірді облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова.

Кезек марапаттау рәсіміне беріліп, байқауға қатысқаны үшін Мешіт Ғазиз бен Гүлнар Құрманғазиева "Алғыс хатпен" марапатталды. "Амангелді арайы" аудандық газетінің тілшісі Әнет Жұмабеков "Егеменнің кейіпкері" аталымымен, "Лисаковская новь" басылымының журналисі Айман Қадырханова "Жас қалам" номинациясы бойынша марапатталып, ақшалай жүлде (10 мың теңге) иеленді. Жүлделі 3-орын "Наш Костанай" газетінің тілшісі Аягөз Кәкімжановаға бұйырды. Оған 50 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. 2-орын облыстық "Qostanai" телеарнасының корреспонденті Нұрқанат Бұқабаевтың еншісінде. Қоржынын 70 мың теңгемен майлады. Ал облыстық "Қостанай таңы" газетінің тілшісі Қасқырбай Қойшымановтың етжеңді мақаласы 1-орынды жеңіп алды. 100 теңге қанжығасына байланды.



Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев