«Жолда қабылдау» акциясы өтуде

19-20 шілдеде Қостанай облысында «Жолда қабылдау» атты республикалық акция өткізіледі, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.IMG_9412
 
IMG_9440Екі күн бойы сағат 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін облыс тұрғындары мен қонақтары жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін ала алады. IMG_9444
Акция барысында қала тұрғындары жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлік алу, төл-құжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша құқықтық кеңес ала алады. IMG_9459
Ведомство мәліметінше, Қостанай облысы бойынша азаматтарды қабылдауға арналған бірнеше бекет жұмыс істейтін болады. «Жолда қабылдау» акциясы өтетін орындар мен азаматтарды қабылдауға арналған бекеттердің қай қалада және қай жерде орналасқанын полиция департаментінің порталынан, әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.IMG_9467
 
IMG_9454Шара Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық, Жітіқара  қалаларында, аулаларда өткізіледі.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓