«Ойна да біл, жеткіншек»

Ұзынкөл ауданындағы Балықты мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлының ұйытқы болуымен балалардың жазғы демалыс кезінде діни сауат ашу курсы өтті.IMG-20190722-WA0020
Аудандық мешітте балаларға арналған имандылық демалысының басты ұстанымы «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп және басқаларға үй-реткендеріңіз» деген ұлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисі және қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин атамыздың «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық» деген тағылымы мол ұлағатты өлең жолдары болды.IMG-20190722-WA0021
Демалыста ұйымдастырылған шараның өзге демалыс орындарынан ерекшелігі – жеткіншектерге дініміздің қағидалары мен Құран әліппесін оқуды үйретуінде.
Сөйтіп, балаларымыз ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген Ислам дінінің имандылық қағидаларын үйренумен қатар ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік сияқты жақсы қасиеттерді де бойларына сіңірді.IMG-20190722-WA0018
Сонымен қатар, балалар ұлттық ойындарды да ойнады. Ал дәріс беруші имамдар Алла тағаланы таныған жеткіншектердің келешекте жақсы аззамат болады деп үміттенетінін айтып өтті.
– Бұл жазғы демалыс дәстүрге айналды. Дінді таныған балалар келешекте жаман әдеттерден аулақ болады. Келген балаға қазақтың салт-дәстүрін, ұлтымыздың тарихын үйретеміз. Ислам дінімен танысқысы келген әрбір оқушының үйренері мол, – дейді Ұзынкөл аудандық Балықты мешітінің бас имамы Есенгелді Әжімахантегі өз сөзінде.
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓