Сайынды сіз білесіз бе?

Қазақстан Республикасы Ұлт-тық академиялық кітапханасының ұсынысымен ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен "Бір ел – бір кітап" акциясы биыл сегізінші рет республикамызда ұйымдастырылуда.
– Бұл акцияның мақсаты қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдық-қа, өнегелікке тәрбиелеу, сонымен бірге оқырмандарымызды көркем әдеби кітаптарды оқу мен кітапханаға тарту. Бүгінде еліміз-дің ертеңі болар жас ұрпақ дәс-түр, тарих, мәдениет сияқты рухани құндылықтармен сусындап өсуі қажет деп ойлаймыз. Биылғы "Бір ел – бір кітап" акциясы ая-сында барша қауым бірлесіп оқу үшін  Қазақстан  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көркем-сөз зергері,  ерекше  дарын иесі Сайын Мұратбековтың "Жусан  исі", "Басында Үшқараның…" атты шығармалары таңдалынып алынды. Осы іс-шараға үн қосу аясында кітапханамызға Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы №20 қазақ орта мектебінің оқушыларын шақырып, рухани нәр беретін тағылымы мол кеш ұйымдастырып отырмыз. Оқушыларымызға осы шығармаларды таныстырмас бұрын ең алдымен өзіміз оқып шықтық. Өзіңіз білесіз, қаламгер әңгімелерінің басты тақырыбы, көтерген өзекті мәселесі – ауыл өмірі, азаматтық табиғи болмыс, рухани тазалық, жан сұлулығы мен ауыл кейіпкерлерінің кіршіксіз ақкөңіл мінездерін керемет суреттей келе мұңы мен мұратын көркемдеп жазып, оқырмандарына ой салады. Жазушыға арналған "Бел-белестен асқан жол" тақырыбында шағын кітап көр-месін ұйымдастырдық. Оқушыларымызға да жазушы Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі", "Басында Үшқараның…" атты шығармаларын оқып келіңдер деп те тапсырма бердік. Кеш аясында оқырмандарымыз шығармалар-ға қатысты өздерінің пікірлерін, ойларын айтты, – деді бізге Қостанай қаласындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №6 кітапхана филиалының маманы Гүлнәр Қатова.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓