Қоғамдық көлікте құрықталды
Қостанайда мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Марат Таптыбаев іздеуде әккі ұрыны қоғамдық көлік ішінде ұстап алып, полиция пунктіне әкелген.
Облыстық ішкі істер департаментінің өкілі Әділбек Нұрмахинның мәлімдеуінше, Марат Таптыбаев құрықтаған 34 жастағы ұры осыдан бірнеше күн бұрын қылмыс жасаған. Ол 74 зейнеткердің жалпы сомасы 170 мың теңгені құрайтын ақша мен зергерлік бұйымдарын жымқырып кетіпті.
Мешіт Ғазиз