13 бас бұзауды ұрлаған

11 шілдеде таңғы сағат 5-тер шамасында Жітіқара ауданының "102" пультіне ЖШС аумағынан 13 бас бұзаудың ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Шығын көлемі – 2 млн теңгеден астам. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.IMG-20190718-WA0013_1563785019706
 
IMG-20190718-WA0019_1563785019484Жедел тергеу шаралары барысында полиция қызметкерлері жітіқаралық 20 және 39 жастағы, сондай-ақ лисаковтық 31 жастағы күдіктілер ұсталды. 
Анықталғандай, күдіктілер таң алдында серіктестіктің жеке қонысындағы күзетші үйшігіне басып кіріп, 41 жастағы малшының қол-аяғын байлап, 13 бас бұзауды айдап әкеткен. Мал иесі 2 300 000 теңге шығынға ұшырады. Қылмыскерлер төлдерді Таран ауданының Валерьянов ауылына жөнелтіп үлгерген. Аудандық бөлім полицейлерінің айтуынша, қылмыс алдын ала жоспарланған. Бірақ, күдіктілер заңсыз әрекеттерін бетперде киіп алып жүзеге асырса да, 2 күннен кейін-ақ қолға түсті. Ұрланған бұзаулар иесіне қайтарылды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓