Зейнеткерлерді өрттен құтқарды

Сарыкөл ауданының тұрғындары өздерін өрттен аман алып қалған тәртіп сақшыларына ризашылық білдіріп, Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовке алғыс хатын жолдады.20190720_172442
2019 жылғы 18 шілде күні сағат 16.00-де Сарыкөл ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері аға сержант Александр Ильяшов пен полиция майоры Әнуар Омаров автопатрульдеу барысында Сарыкөл кентінің Тәуелсіздік көшесі бойындағы жеке секторда өрт шыққанын байқайды. Тәртіп сақшылары бұл туралы полиция бөлімінің кезекшісіне және өрт сөндіру бөліміне хабарлайды. Содан кейін полиция қызметкерлері тез арада жер үйге бет алады, бұл кезде шаруашылық құрылыстары өртенген және түтін аула мен көрші үйлерді тараған. Өрт тұрғын үйге де тез жеткен.20190720_172058
– Біз аулаға кіргенімізде, үйде адам бар-жоғын білмедік, – дейді полиция майоры Әнуар ОМАРОВ.
Полиция қызметкерлері үйге кіріп, есінен таңып қалған 68 жастағы 2 топтағы мүгедек Владимир Чирковты көрген. Тәртіп сақшылары оны далаға шығарып,содан кейін алғашқы медициналық көмек көрсетті, өйткені ол өмір сүру белгілерін байқатпаған. Кейін жедел жәрдем машинасымен қарт кісіні Сарыкөл ауданының орталық ауруханасына жеткізген. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары үйден 76 жастағы үй иесі Галина Зименконы да аман алып шыққан.
Қазіргі уақытта қарт кісілердің өміріне ештеңе қауіп төндірмейді, алдын ала мәлеметтер бойынша өрттің шығу себебі – құрғақ шөптің жануы.
Жергілікті тұрғындар жеделдік пен батылдық танытқан полицейлерге шексіз алғыс білдіруде.
– Өмірімізді аман алып қалған азаматтардың ата-аналарына батырға лайықты ұлдарыңыз үшін, департамент пен полиция бөлімінің басшылығына адал және кәсіби қызметкерлерді тәрбиелегендеріңіз үшін рахмет,-дейді ГАЛИНА ЗИМЕНКО.20190720_171858
Айта кету керек, облыс полицейлері азаматтарды өрттен бірнеше рет аман алып қалған, ал Сарыкөл тәртіп сақшылары жыл абсынан бері үшінші рет тілсіз жаумен күресіп отыр. Бұл сақшылардың жеделдігі мен асқан кәсбилігінің дәлелі.
 
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓