Бұзылған астықтың шығыны өтелді
2011 жылы «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Арқалық қаласындағы «Агрофуд Элеваторы» ЖШС астық қабылдау бекетіне өнімін сақтауға қояды. 2012 жылы сақтауда жатқан мемлекеттік астық қорының түгелдей бұзылып, тіпті, арасын кене мен қарақоңыздың басып кеткендігі анықталған.

Соттың соңғы сатысы шығарған шешімі заңды күшіне енгеннен кейін «Агрофуд Элеваторы» ЖШС азық-түлік корпорациясының пайдасына залал ретінде 338,2 млн. және 67,6 млн. теңге айыппұл өтеді. Айта кету керек, аталған барлық 405 млн. теңге тек араға прокуратура араласқаннан кейін барып өндіріліп алынған.
Шұға Қоңқабай