10 мың жұмыс орны ашылады
Жыл соңына дейін Қостанайда 4000-ға жуық жұмыс орны пайда болады. Бұл туралы "Сарапшы" саяси клубының отырысында мәлім болғанын хабарлайды alau.kz тілшісі.Отырыста ҚР Президентінің ел азаматтарының өмірін жақсарту турасындағы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жоспары сөз болды. Спикерлердің сөзінше, Қостанай облысында осы мақсатты орындау үшін әртүрлі бағыттар бойынша шаралар қабылдануда.
Мәселен, 2021 жылы Қостанайда және Арқалықта сумен қамту желісі жаңартылады. Ал Лисаковта кәріз жүйелерінің коллекторы жөндеуден өтеді. Осы жылдың соңына дейін Денисов ауданының Некрасов, Перелески ауылдарын, Алтынсарин ауданының Силантьев ауылын газбен қамту жұмыстары аяқталады.
Президент бағдарламасының тағы бір бөлімі – жұмыс орындарын ашу.
"Осы жылы облыста 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Оның 7 мыңы тұрақты түрде жұмысқа алынады. Деректерге сүйенсек, 1 шілдеге дейінгі есеп бойынша, 6631 адам жұмыспен қамтылып, оның 5 мың шақтысы тұрақты түрде "қос қолға бір күрек" ұстаған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді", – Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова.
Талқыға түскен тағы бір мәселе жол жөндеуге қатысты болды. Жыл соңына дейін ой-шұқырларды тегістеу жұмыстары барлық өңірде аяқталады. Қазіргі уақытта респуликалық маңыздағы жолдарды жөндеу жалғасып жатыр, мәселен, "Қостанай-Қарабұтақ" тас жолындағы шаруа қызу жүруде.