Ер адам пышаққа түсті
Қайғылы оқиға 14 шілдеде Қостанай қаласының 7 шағын ауданында таңғы сағат 5.30 шамасында болған. Тәртіп сақшылары қоңырау түсісімен мекенжайға келген. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды."Оқиға орнына келісімен белгілі болғандай, дүкенге келушілердің арасында кикілжің туындаған, салдарынан 34 жастағы ер адамға әлдекім пышақпен соққы жасаған. Жапа шегуші ауруханаға бара жатқан жолда, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", – делінеді хабарламада.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағы бойынша ("Кісі өлімі") сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама құрылды.
Күдікті уақытша қамау мекемесіне оқшауланды.