ERG қаласы

Рудный қаласында осындай атаумен Қостанай өңіріндегі әлеуметтік жобалар байқауының ақтық кезеңі өтті.7
«ССКӨБ» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ қарасты Краснооктябрь боксит кен басқармасы (КБКБ) мен Торғай боксит кен басқармасы (ТБКБ) қызметкерлері ұсынған үздік жобалар 2020 жылы жергілікті әкімдіктермен арада жасалатын өзара әріптестік жөніндегі Меморандумдар аясында қаржыландырылып, компанияның «туған қалаларында» жүзеге асырылады. Сондықтан «ERG қаласын» облыстық әкімдік пен Еуразиялық Топ арасындағы ілкімді диалог деуге әбден болады.5 (2)
Байқаудың ақтық сынына биыл 7 жоба қатысты. Жеңіс күні қарсаңында ескерткіштерді жаңарту (ТБКБ), жалпыға қол жетімді Workout алаңы бар отбасылық саябақ салу (КБКБ), қаланың орталық көшелерін жылдамдықты көрсетер электронды тақтайшалармен жабдықтау (КБКБ), «ERG- Джуманджи» арқан саябағын салу (ССКӨБ), өндіріс аймағына жылы аялдамалар орнату (ССКӨБ), биоәжетханалар орнату (КБКБ) сынды жобалар қазылар назарына ұсынылып, жеке таныстырылды. Олардың әрқайсының өз ерекшелігі болғанымен, тұтастай алғанда бәрі тегіс кәсіпорын қызметкерлері мен олардың туған-туыстары мекен еткен қалаларды барынша жайлы етуді көздейді.8
Қазылар алқасы құрамына облыс әкмінің орынбасары Ерлан Спанов, Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов, Лисаковск қаласы әкімінің орынбасары Алмас Сұлтанов, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Дархан Хамзин, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Наталья Моргул мен Еуразиялық өкілдері арнайы шақырылды.
– ERG әлеуметтік бағдарланған халықаралық ірі компаниялардың бірі. Компанияның басты міндеттерінің бірі – біздің «туған» қалаларымыздың өркендеуін қамтамасыз ету. Байқау Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды әлеуметтік Стратегияның үлкен бір кезеңі. Бүгін ұсынылған жобалар Қостанай өңіріндегі қалалардың дамуына тың серпін береді деген сенімдемін, – дейді Еуразиялық Топ басқарма төрағасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мәди Исмаилов.
Әлеуметтік жобалар байқауы 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін ол ERG Инноваторлар форумы аясында өткізілетін. Биылдан бастап «ERG қаласы» деген атаумен жеке ұйымдастырыла бастады.
– Байқаудың форматы да жаңаша. Жобалар алғаш рет жергілікті атқарушы билік өкілдері алдында таныстырылып отыр. Осылайша, біз іске Топ қызметкерлерімен қатар жергілікті қауымдастық өкілдерін де жұмылдырып отырмыз. Байқауға қатысушылардың барлығы әлеуметтік жоспарлау білігін шыңдады. Онда олар белгілі бір мекен тұрғындарының қажеттілігін зерттеу арқылы нақты жоба жасауды меңгерген, – дейді ұйымдастырушылардың бірі, Тель-Авив университеті достарының Қазақстандағы қауымдастығының вице-президенті Сәния Арапова.
Байқау басталарда қазылар алқасы жүлделі 3 орын боларын атап айтқан. Алайда, жобалардың мәнін терең түсінген соң жеңімпаздар саны көп болатыны анықталды. Нәтижесінде Рудныйда жылы аялдама салынып, арқан бағы бой көтермек. Сондай-ақ Рудный-Лисаков елді мекендерінің жолдарында жылдамдық көрсететін табло орнатылса, Арқалықтағы ескерткіш Жеңіс күні қарсаңында қайта қалпына келтірілмек.Жеңімпаздар алғашқы бетке
Торғай боксит кен басқармасы қызметкерлерінің «Арқалықта барша отбасыға арналған саябақ салу» жобасы пысықтауға жолданды.
– ERG компаниясына ұзақ жылдар бойғы сенімді серіктестік үшін алғыс айтқым келеді. «ERG қаласы» жобасы – біздің облыс тұрғындары мен жергілікті билікке берілген тағы бір мүмкіндік. Өйткені, бұл байқау қазір бар өткір нақты проблеманы шешудің қолданбалы жолын ұсынады, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов марапаттау рәсімінде.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓