Заңсыз 800 литр

Қазақстанға 800 литрге жуық заңсыз алкоголь өнімдерін алып өтпек болғандар қолға түсті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. 20190710215336Оқиға 8 шілдеде Қарабалық ауданының «Қайрақ» автокөлік өткізу бекетінде болған. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері шұғыл іс-шаралар барысында Ресейден Қазақстанға алкоголь өнімдерін алып өтпек болғандарды ұстады.
«Құрамында спирті бар шыққан тегі белгісіз сұйықтық 4 және 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйылған, рұқсат құжаттары (алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудалау лицензиясы, ілеспе құжаттары) жоқ. Барлығы құны 1,5 млн теңге болатын, жалпы көлемі 792 литр 183 ыдыс контрафакт алынды», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.   
Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 463-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік іс толтырылып, сотқа жіберілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓