Үлкен қажылыққа дайындық

Қасиетті бес парыздың бірі – қажылық жасайтын уақыт та таяп қалды. Осыған орай, облыстық мешітте болашақ қажыларға арналған ұлы сапарға дайындық семинары өтті.IMG_20190707_145242
Шара барысында дін қызметкерлері күнделікті жүйелі түрде дайындық дәрістерін өткізді. Атап айтқанда, Икрам Бақытжан, Сыздықов Дархан, Төребаев Тимур, Бейсекеев Абзал, Балахмет Әлішер және Ғабдімәліков Есет сабақ жүргізді.
Дін мамандары қажылық рәсімін өткеру кезіндегі жайттарды, яғни парыздар, сүннет, уәжіп амалдардың бүге-шүгесіне дейін түсіндірді.
Биыл Ұлы сапарға Қостанайдан сегіз адам барады. Олар еліміздің «Нұр Қазақстан», «Қызмет саяхат» және «Атлас туризм» компаниялары арқылы аттанатын болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓