“Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы”

IMG_6870Міне, осындай тақырыпта қалалық балалар шығармашылығы үйінде  аймақ басшысы Н. Садуақасовтың қатысуымен облыстық жастар форумы болып өтті.

Бұл үлкен жиынға негізінен тілге арналған республикалық, облыстық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпазы атанған оқушылар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, сол секілді  жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның басты мақсаты – халық бірлігінің маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді насихаттау, қоғамның саясат бірлігін нығайту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілді білетін басқа ұлт өкілдері жастарының тілді үйрену  жөніндегі  жағымды жақтарын тарату.

Форумға жиналғандарды облыс әкімі Н.Садуақасов құттықтады. Ол өз сөзінде бүгінгі таңда енді ешкім өзгерте алмайтын ақиқат бар. Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тілге айналатындығын, мемлекеттік тілді білсем деген жастардың қатары көбейіп келе жатқандығын, себебі келешек жастардың қолында екендігін, сондықтан да олар-ға үлкен сенім мен жауапкершілік  жүктеліп отыр-ғандығын атап кетті.

– Қазіргі таңда  тіл білу – қандай да бір сән-салтанаттылықтың белгісі емес, ол заман талабы.  Тіл білу – бірі-біріміздің өзгешелігімізді емес, қайта әрқайсымыз үшін қалыпты болуға тиіс. Әсіресе, жас-тар үшін. Өмір қазір сонша қауырт мүмкіндіктер жеткілікті,  ал, сол мүмкіндіктерді жіберіп алудың еш реті жоқ, – деді облыс әкімі.

Облысымызда сол өз мүмкіндіктерін жібермеген өзге ұлттың жастары да жетерлік екен.   Қазақ мектептерінде үш жүз отыз төрт өзге ұлттың баласы білім алса, жоғары оқу орындарында жиырма сегіз жас оқиды. Ал, мемлекеттік тіл туралы әр деңгейдегі  байқауларға  қатысқан  өзге ұлт өкілдеріннің жастары да намысты қолдан жібермей, жеңімпаз атануда.

Гүлназым

        САҒИТОВА

Суретте: форумнан көрініс.

Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓