Жастар жылы – жаңа серпін бастауы

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі, еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды. Осы ретте «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Саят Шаймұрыновпен сұхбаттасқанды жөн көрдік.
IMG-20190702-WA0023-Саят Жұматұлы Жастар жылында облысымызда нақты тапсырыстан бөлек, қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?
          -Облысымызда қазіргі таңда жастардың саны жалпы халық санының 20,1% -ын құрайды, яғни 177 101 адам. Жастар өкілдерін қолдауға бағытталған, мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына сәйкес өңірімізде бірқатар шаралар кешені жүзеге асырылуда.Аталмыш саладағы кейбір өзекті мәселелерді шешумен облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы айналысады. Бұл бағытта, штат саны 100-ден асатын қызметкерден тұратын 20 жастар ресурстық орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар, жастар ісі жөніндегі комитеттер облысымыздың әрбір ЖОО мен колледждерінен басқа, сондай-ақ ірі кәсіпорындарда да жұмыс істеп, қазірде олардың саны 56-ға жетіп отыр (ЖОО – 8, колледждерде – 38, кәсіпорындарда – 10), жастардың үкіметтік емес 77 ұйымы өз жұмыстарын жалғасытыруда.
Биыл жастар жылының ашылуы кезінде Мемлекет басшысы негізгі төрт бағыт бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Қолжетімді білім беру және таланттарды қолдау, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, патриотизм, этносаралық келісім мен азаматтықты нығайту.
Ағымдағы жылы облыстың қалалары мен аудандары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 106 әлеуметтік маңызды жобаны іске асыруда, оның ішінде басқарманың қолдауымен 11, облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен 6 жоба іске асты. Аталған жобалар жастардың өзекті мәселелерін шешуге, адамгершілік, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, діни, ұлтаралық негіздегі қақтығыстың себептерін анықтауға, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы мемлекеттік тілді дамытуға және "Жайдарман" КТК ойындарын өткізу арқылы оның зияткерлік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.
Облысымыздағы Жастар жылы ойын-сауық шараларымен шектеліп қалып жатқан жоқ па , іс жүзінде тағы басқа қандай іс-шаралар жоспарда бар?
-Жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері мен шарттары туралы жастарды ақпараттандыру мақсатында 2019 жылдың екінші тоқсанында жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы екі тоқсан ішінде мемлекеттік органдар, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қостанай облыстық филиалы, жас кәсіпкерлер, жастардың Алтын кітабының лауреаттары қатарынан ақпараттық-түсіндіру топтарының облыс өңірлеріне шығуын жүзеге асырды. Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Sanaly Urpaq – 2050» қоғамдық қоры ұйымдастырған Қостанай облысының киелі орындары бойынша квест туры өткізілді. Оған жоғары оқу орындарының студенттері, жұмыс ұжымдары мен жастар көшбасшыларынан 10 команда қатысты. Екі күн ішінде қатысушылар 10 нысанға барды, әрқайсысында тапсырма беріліп, нысан туралы ақпарат алды. Квесттың мақсаты – жастарға киелі нысандарды көрсетіп, олар туралы жаңа үлгіде айтып беру. Шараның мұндай форматы жастардың өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығын тудырды. Екі күннің қорытындысы бойынша І орынды Шракбек Қабылбаев атындағы ІІМ академиясы, 2 орынды Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ және 3 орынды Торғай гуманитарлық колледжінің командасы иеленді. Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығының қолдауымен маусым айында жастар үшін спорт фестивалі өткізілді.
            –Қазақстан-Ресей жастары бас қосқан халықаралық форум туралы айтып өтсеңіз?
-2019 жылдың мамыр айында Қазақстан-Ресей жастарының халықаралық форумы өтті. Оған екі достас мемлекеттің мыңнан астам жас көшбасшылары мен еріктілері қатысты. Көршілес екі елдің белсенді жастары бас қосқан алқалы жиын жаңа ашылған Жастар сарайында өткізілді.Форумның ашылу салтанатында ҚР ақпарат және қоғамдық даму Дәурен Абаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Аталмыш іс-шара жас еріктілерге арналған көрмеден бастау алды. Жастар сарайында форумға қатысушылар секциялар бойынша жұмыс істеді. Осы уақытта экологиялық еріктілер өкілдері жоғары оқу орындарының студенттері Дәурен Абаевпен бірге Орталық жағажайда "ECO-challengeQostanai" акциясына қатысты.  Акция форумға дейін бірнеше күн бұрын басталып, Қостанай облысы мен Қорған өңірінің еріктілері Тобыл өзенінің жағасын тазалап, 200 тоннадан астам қоқыс жинады.Форумның екінші күнінде жастарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Жастар сарайының фойесінде Мемлекет басшысы үшін көрме ұйымдастырылып, онда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, жүргізіліп жатқан жастар саясаты туралы ақпарат ұсынылды. Іс-шара аясында стартап-идеяларды әзірлеу бойынша трекатон өтті. 100-ден астам қатысушы командаға бөлініп, әр түрлі жобаларды ұсынды. ЖОО-ның студенттері өздерінің бизнес жобалары туралы айтып, өндіріс сатысына шығуға дайын прототиптерді көрсетті.IMG-20190702-WA0029
           –Еріктілерге қандай қолдау жасалған?
-Елбасының "Рухани жаңғыру" атты кіші мақаласы аясында облыста облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан үш жылдан бері еріктілер қозғалысын дамыту үшін "Мен еріктімін" жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлық қалалар мен аудандардың жастар ресурстық орталықтары жанында 20 волонтерлік штаб жұмыс істейді. Жылдың басынан бері облыс еріктілері 253 іс-шара өткізді. Еріктілік-бұл жаңа танысулар мен тұлғаны дамыту мүмкіндік беретін, неғұрлым сапалы деңгейге шығып, кеңінен таралуына, тұрақты дамуына ықпал етеді.
Ағымдағы жылдың мамыр айында жастарға қызмет көрсету орталығы ресми түрде ашылды. Ол Жастар сарайының бірінші қабатында орналасқан. Орталықтың ашылу салтанатына жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың, облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері, жастардың Алтын кітабының лауреаттары, жастар көшбасшылары, еріктілер қатысты.Орталықта қалалар мен облыстың жастары әртүрлі мәселелер бойынша толық кеңес алып, жан-жақты көмек көрсетілетін болады.
–Жұмыс жәрмеңкесіне  қанша адам қатысты, және ол қаншалықты нәтиже беруде?
Ағымдағы жылдың сәуір айында облыс орталығында жыл сайынғы облыстық Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ашты. "Серпін" бағдарламасы бойынша биылғы жылы 700 маман даярладық. Қала және аудан әкімдері де үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жәрмеңкеге 50-ден астам ірі ұйымдар қатысты.Жұмыс табуға ниет білдірушілердің саны 2500 адамды құрады.Бос орындар әр түрлі болды – ауыл шаруашылығынан бастап, педагогикалыққа дейін. Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, алдын ала әңгімелесуден өтіп, сауалнамаларды (түйіндемелерді) толтырып, жұмыс берушілерге қалдыра алды.Жәрмеңкеге келген халықты жұмыспен қамту қызметінің мамандары оларға жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, жұмыс іздеу технологиясы, еңбек нарығындағы өзін-өзі таныстыру, Кәсіптік оқыту және қосымша кәсіптік білім беру мүмкіндіктері бойынша кеңес берді.Оқу орындарының түлектеріне жастар практикасынан өту мәселесі бойынша ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылды.Мұндай іс-шаралардың оң әсері бар.   Жыл басынан бері Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 3 мыңнан астам адам өтініш білдірді. Оның 1800-і жұмысқа орналастырылды. Мүмкіндігінше ведомстволық бөлімдердің қызметкерлері ізденушілерді әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға орналастырады. Айта кетерлігі, барлық ізденушілер кеңес алып әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.
-Сұқбатыңызға рақмет!           
 
Сұхбаттасқан Әсел ҚИБАШ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓