Үстіне үй қабырғасы құлаған
Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Шадысаев ауылында баланың үстіне үйдің қабырғасы құлап кеткен, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс". Аудандық білім бөлімінің басшысы Дильнара Сапанова балалардың сүріліп жатқан үйдің жанында ойнап жүргенін айтады. Біраз бала қашып үлгерген, ал Талғат есімді бала үйінділер астында қалып қойған. Бала жедел түрде Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді, ары қарай оны облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Жедел түрде ота жасалды.