Құс аулауға тыйым салмақ

            Қазір ел бойынша суда жүретін жабайы құстарды аулауға тыйым салу туралы сұрақ талқыға салынуда. Негізі, Қазақстанда суда жүретін жабайы құстар көктемде ұя салу орындарына, ал күзде «қыстақтарына» қоныс аударады.кус
            Қостанай облысында көктемгі аң аулауға ерекше сұраныс жоқ. Көктемде аң аулауды тоқтату экономикалық құлдырауға әкеп соқпайды. Бізде аңшылар көктемде аң көп жүретін алқапқа кіріп, барлық құстарды, тіпті тыйым салынған қаздар мен аққуларға дейін атып жүр. Мұндай заң бұзушылық бірнеше рет кездескен. Қорықшылар мен инспекторлар тарапынан қатаң бақылау жеткіліксіз болып тұр. Әрине, қорықшылардың ескертуін алса да, аң аулауды тоқтатпай жүргендер де жоқ емес. Құзырлы органдар бұл мәселемен айналысып жатыр.охот
            Суда жүретін жабайы құстарға көктем кезінде аң аулауға тыйым салу сұрағы бірнеше рет көтерілген. 2013 жылы аңшылық ісін пайдаланушы ұйымдарға хат жолданды. Олардың пікірі екіге бөлінді. Біреулері көктемгі аң аулауды ата-бабаларымыздан қалған ұлттық құндылық ретінде сақтап қалу қажет деп санаса, енді екіншісі көктемгі аң аулауды қажет емес деп санайды.
Дегенмен, бірнеше жыл ішінде жабайы үйректердің аталықтарына және құрларға көктемгі аң аулауды жүргізудің нәтижелерін қорытындылай келе аң аулау мына себептермен қажет емес деп санаймыз:охотник
  • Үйректер ұя салу орнына ұшып келгенге дейін жұп құрайды және аң аулау кезінде «отбасылы» үйректерді атып алу мүмкін;
  • Көбею кезінде көлдерде мылтық ату суда жүретін құстарға қауіпті фактор;
  • Сұр қаз, барылдауық, бізқұйрық сияқты кейбір құстарда бірінші жұмыртқа салу  сәуір айының үшінші жартысында болады, яғни көктемгі аң аулау ашылу кезінде құстар ұяда отырады;
  • Аңшылардың төмен мәдениеті;
Жоғарыда айтылған мәселелердің негізінде суда жүретін жабайы құстарға көктем кезінде аң аулауға тыйым салу қажет.
                                   М.Байділдин,
Жануарлар дүниесі және аңшылық
   шаруашылығы бөлімінің бас маманы       
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓