Басы бәлеге қалды

10 қаңтар күні сағат 11.20-да Қостанай облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын барысында 28 жастағы жүргізушіні ұстады, ол полицейге өзін әкімшілік жауапкершілікке тартпауын өтініп, пара ұсынған. мент Қостанай облысы ПД ӨҚБ бастығы Алтынбек Сүйіншалиевтің айтуынша, таңертең Гагарин көшесінде полиция қызметкері «Фольцваген» маркалы автомашинасын тоқтатқан. Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ, бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған  ер адам рульде болған.
Құқық бұзушы өзін әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін полиция қызметкеріне 10 000 теңге көлемінде пара ұсынған. Тәртіп сақшысы ұсынған ақшадан бас тартып, бұл туралы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасына хабарлады. Оқиға орнына  өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері келіп, пара берушіні оқиға болған жерде ұстады.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тексеру шараларын жүргізуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓