Аймақ басшысы Ресейге барды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ресей Федерациясында іссапармен барды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында жазды.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.В. Скляр, Қостанай облысы әкімі А.Б. Мұхамбетов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.Х. Қойшыбаев, "БРК-Лизинг" АҚ Басқармасының төрағасы Н.С. Байбазаров, Қазақстан АвтоБизнесі Ассоциациясының президенті А.С. Лаврентьев құрамында бар делегация Татарстан Республикасының, сондай-ақ РФ Свердлов облысының өнеркәсіптік мекемелерінде болды.
"КамАЗ" фирмасының бас директоры Сергей Когогиннің жетекшілігімен, қазақстандық меймандар автокөлік зауытының машина құрастыру конвейерімен танысты. Сондай-ақ, олардың назарына "КамАЗ" компаниясының ғылыми-техникалық орталығында автокөліктер көрмесі ұсынылды. Бұдан бөлек, делегация аталған компания басшылығымен екіжақты келіссөздер жүргізді.
Жұмыс сапары әлі жалғасады, бүгін делегаттар Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласына барады.