2 адам суға батып кетті
Қайғылы жайттар Жітіқара және Қостанай аудандарында болды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. 5 шілдеде Волгоградский ауылында жергілікті тұрғындар 54 жастағы ер адамның денесін өзеннен алып шықты. Ол 4 шілде күні балық аулау кезінде суға батып кеткен.
"7 шілдеде Қостанай ауданының Нечаев ауылында жасанды су тоғанынан құтқарушылар 32 жастағы ер адамның мүрдесін жағаға шығарды. Ол бір күн бұрын суға шомылу кезінде тілсіз жау құрбаны болған", – делінеді хабарламада.