Шақалақ қоқыс жәшігінен табылды
Дәрігерлер Қостанай облысында қоқыс контейнерінен табылған шақалақтың жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс". Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдемге шақыру 10.48-де келіп түскен, олар 10.55-де оқиға болған жерге жеткен. Қоқыс контейнерінде басына пакет кигізілген жаңа туған бала жатқан. Нәресте клиникалық өлім жағдайында болған. Дәрігерлер реанимацияға әрекет жасағанымен нәтиже болмапты. Шақалақтың денесі мәйітханаға жеткізілді.
Еске салсақ, 23 қарашада Әуежай ықшам ауданындағы контейнерлердің бірінде нәресте табылған. Полиция оның өлі болғанын хабарлады. Қазіргі таңда баланың анасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.