Ақпарат жалған болып шықты

Кешелі бері ғаламтор бетінде, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қостанай ауданында оқушы баланы әлдекімнің ұрлап алып кеткені жайында жарыса жазуда. Онда Затоболдағы №3 мектеп гимназиясының екінші сыныпта оқитын қыз баланы бейтаныс ересек адам мойнынан қылғындырып, көлікке күштеп итеріп салып, белгісіз бағытқа алып кетті делінген. Бұл көрініске аталған гимназия оқушысынан бөлек, тағы адамдар куә болыпты. Бір анығы, көлік қызыл түстес дейді көргендер.102515_800
Бұл  жайт Қостанай аудандық ІІБ қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызып, адам ұрлаушыны іздеу шараларын бастап кеткен.
Алайда облыстық ІІД жоғарыдағы ақпаратты теріске шығарып отыр. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қазан күні кешкі сағат 19.30-да Қостанай аудандық ІІБ-на Затобол тұрғыны бала ұрлығы жайында хабарлапты. Осы арыз бойынша полицейлер тексеру және жедел іздестіру шараларын жүргізеді. Тәртіп сақшыларының тапсырмасымен Затобол мектептерінің мұғалімдері ата-аналарға балаларының жоғалған-жоғалмағаны жайында сұрау салған.111«Жедел іздестіру жұмыстары мен аулалырды аралау барысында қызыл түсті «Фольксваген джетта» көлігінің иесі 43 жасар ер азамат анықталды. Белгілі болғандай, 1 қазан күні әлгі адам 4 жасар ұлымен бірге «Березка» дүкенінен шығып келе жатады. Бүлдіршін көлікке қарай бара жатып, сүрініп кеткен де, жылай бастаған. Ал әкесі ұлын жерден көтеріп алып, көлікке отырғызған да, үйіне кетіп қалады. Кейін арызданушы әлгі азаматты түр-тұлғасынан таныды. Сол себепті, бала ұрлығына қатысты дерек расталмады» делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓