Нәтиже жаман емес

Ұлттық бірыңғай тестілеудің облыстағы орташа балы 88,9 пайыз болды. Мектепті үздік бағамен тәмамдаған 186 оқушының 146-сы «Алтын белгі» атағын қорғай алды. Ал өңіріміздің 50-ден астам түлегі 130-дан астам ұпай жинаған. Биылғы көрсеткіш өткен жылғыдан 2,2 балға жоғары. Сондай-ақ, 1 түлек тестілеуді ағылшын тілінде тапсырған.ұбт
-Ұлттық сынаққа биыл 2785 түлек қатысты. Бұл – мектеп бітірушілердің 58 пайызы. Олардың 1429-ы тест сұрақтарына мемлекеттік тілде жауап берсе, 1355-і білім сынағын орыс тілінде тапсырған. Сынақ тапсырған түлектердің ішінде 100 балдан жоғары жинағандар мыңнан асады. 43 оқушы өз мүмкіндігін 134 балға жеткізді. Ал, 2430 бала берілген 140 сұрақтың 121-інен көбіне жауап беріп, ұстаз үмітін ақтады. Көш басында дарынды балаларға арналған Ыбырай Алтынсарин мектебі тұр. Орташа нәтиже – 119 балл,- деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Баймақанова.
Айта кетейік, сынақ кезінде ең жоғары нәтиже – 136 балды Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының оқушысы Асқарбек Нұрзаман жинаса, 134 балды 7 оқушы, 133 балды 12 оқушы еншілеген.
Биылғы ҰБТ-ға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы автобус бөлінген.  Шалғай аудандардан 1888 түлек тест тапсыру бекетіне жеткізілсе, 466-сы жататын қонақ үйлермен қамтамасыз етілген.
Түлектердің жоғары оқу орындарына түсуіне мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық көрсетілуде. Осы жылы өңіріміздің талапкерлеріне 65 мыңға жуық грант бөлінбек.
 
Шұға Аңсағанқызы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓