Геопортал құрылады

Қостанай облысында онлайн-карта (геопортал) құрылады. Бұл туралы Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Наурызбай Бегежанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 20190705115020Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта геопорталды құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы осы мақсатта мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялады. Аталмыш геопорталдың техникалық ерекшелігі – Қостанай және Рудный қалаларының кезекші топографиялық жоспарларының (электрондық карталарының) бас жоспарларын біріктіру. Бұған қоса, АrgGIS форматында әзірленген үш қаланың және жиырма үш елді мекеннің векторлық жоспар-схемаларының материалдары да геопорталға бірігеді.
«Осы жобаны іске асыру 2 мемлекеттік қызметті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Олар: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну. Бұдан бөлек, жер учаскелерін сату бойынша сауда-аукциондар өткізу туралы анықтамалық ақпарат алу, кадастрлық (бағалау) құнын есептеу, сондай-ақ жеткізушімен және тапсырыс берушімен келісім бойынша екі қосымша қызмет алу мүмкіндігі қарастырылатын болады»,- деді Наурызбай Бегежанов.
Жалпы, онлайн-картаны әзірлеуге жергілікті атқарушы органдар 51 млн теңге бөлді. Келесі жылдың мамыр айында гепортал іске қосылмақ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓