Бүгін – Домбыра күні
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні. Шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру туралы шешім ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен былтыр қабылданған болатын.
Бұл Жарлық Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында шығарылған еді.
Жалпы, Ұлттық домбыра күнінің мерекеге айналуы – көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға. Былтыр Ұлттық домбыра күнін тұңғыш рет лайықты түрде атап өту үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ елі монументі алдында 3 мың күйші бірнеше күйді бір уақытта орындаған болатын.
Бүгін бұл мерекені Қостанай облысы да ерекше атап өтпек. "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" саябағында, Тобыл жағалауындағы амфитеатрда дүркіретіп атап өтпек.