Балаларға қуаныш сыйлады

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов  «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады.IMG_0609
IMG_0594"Бүгін сендерді жаңа жылдарыңмен құттықтауға арнайы келдім. Әрқайсыларың күні ертең еліміздің мықты азаматы болып өсесіңдер, оған дейін үздік оқып, жақсы білім алуға талпыныңдар. Біз өз тарапымыздан жандарыңнан табылуға, қамқорлық жасауға, әр баланың бақытты болуына барлық мүмкіндікті жасайтын боламыз. Жаңа жылда баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл, мол жетістіктер тілеймін. 2020 жыл жақсылығымен, жаңалығымен келсін!" – деді А.Мұхамбетов.IMG_0642
IMG_0645Балаларға велосипед мен тәттілер үлестірілді. Сол сияқты балғындардың өтініштері бойынша балалар үйіне теннис үстелі сыйға тартылды. Балалар келген қонақтарға алғыстарын жаудырып, облыс әкіміне өз қолдарымен тоқыған қуыршақ тарту етті. IMG_0635
«Жанұя» – отбасылық үлгідегі балалар үйі. Бүгінгі таңда мұнда 41 ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар тұрады. Олар 7 отбасылық топтарға бөлінген. Тәрбиеленушілерді дамыту үшін балалар үйінде түрлі үйірмелері бар. Түрлі спорт секциялары жұмыс істейді және де өзіңе ұнаған спорт түрін таңдауға болады.IMG_0651
Шұға  ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓