Үздіктер іріктелді
Қостанайда жергілікті өндірушілер өнімінің "Қазақстанның үздік тауары" атты байқау-көрмесі өтті. Шараға отыздан астам кәсіпорын қатысты. Арнайы қазылар жеңімпаздарды "Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар", "Халыққа арналған үздік тауарлар", "Үздік азық-түлік тауарлары" аталымдары бойынша анықталды. Қостанайлықтар өздері қалап, ұнатқан өнімдерді сатып алды.
Қала орталығындағы көрмеде тұрғындар қостанайлық кәсіпорындар өндіретін өнімдерді көріп қана қоймай, сатып алу мүмкіндігі болды. Мәселен, халық әсіресе бал мен қымызды бірден бөлісіп әкетті.
Жалпы, бұл байқаудың негізгі мақсаты – отандық өндірушілерге қолдау көрсету және қазақстандық тауар мен қызмет сапасын көтеру. Бұған ел аумағындағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатысты. Қатысамын деушілерге ешқандай шектеу қойылмаған. Сондықтан, бірінші орынға өндіріс алыптары мен шағын компаниялар бірге таласты.

"Бес жыл ішінде 36 кәсіпорын. Жыл сайын қатысушылар саны ұлғайып келеді және 36-сы Нұр-Сұлтандағы көрмеге қатысты. Мұндай байқаулар әлбетте қажет. Өз өнімдеріміздің сапасын көрсетіп, нарықтағы сұранысын таба аламыз", – дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Қорытындысында аймақ басшысы үздіктерді марапаттау рәсімін жүргізді. Енді жүлдегерлер республикалық кезеңде өңіріміздің атынан бақтарын сынайды. Мәселен, "Өндірістік бағыттағы үздік тауар" аталымы бойынша "Гермес-4" ЖШС жеңімпаз атанды. Ал "Тұрғындарға арналған үздік тауар" номинациясын ұлттық көйлектер тігетін ателье жеңіп алды.