Qashar Qyrany

Қашарлық балуандар «NewRud» қоғамдық жастар бірлестігі мен Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған қазақша күрес турниріне қатысты. Жарыста 15 спортшы екі салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.Качар кыраны
– Осыдан бірнеше жыл бұрын спорт нысанының жоқтығынан көптеген жақсы іс-шараларды өткізе алмаушы едік. Қазір болса, кең сарайдай «Қашар» спорт кешенінде бірнеше рет облыстық турнирлерді де абыроймен өткіздік. Мұнда балалар мен жастар шеберліктерін шыңдап, түрлі додаларда топ жарып келеді. Оның ішінде қазақ күресіне деген қызығушылық артқанына қуаныштымыз, – дейді кент әкімінің міндетін уақытша атқарушы Айнагүл Иржанова.
Тартысқа толы жарыстың қорытындысы бойынша 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мәулет Кәрімге тең келетін жан болмады. Одан жоғары салмақта Сәкен Жақсылықов топ жарды. Жеңімпаздар «Qashar Qyrany» белдігіне және кәсіпкерлер ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓