Футболшылар демалысқа шықты

Клуб директоры Талғат Баймұратовтың айтқанына сенсек, қысқы маусымаралық үзілісте команда құрамына мықты ойыншылар шақыртылады. "Тобылдың" бас бапкері Вардан Минасян келесі жылы да қостанайлық команданы жаттықтыратын болды. Сондай-ақ, қақпашы Александр Петухов клуб басшыларымен тағы бір жыл келісім-шартқа отырды.
– "Мен "Тобыл" сапында өз шеберлігімді шыңдай беремін және команда келесі жылы жүлдегерлер қатарынан көрінуі тиіс", – депті танымал қақпашы. Алдағы чемпионат А.Петухов үшін "Тобыл" командасындағы оныншы маусым болмақ.
Бізге белгілі болғандай, чехиялық футболшылар, қорғаушы Ондрей Кушнир мен шабуылшы Иржи Йеслинек клубпен қош айтысты.
Айбек
КӘДІРҰЛЫ