Ұтымды қадам
Осыдан үш жыл бұрын мемлекет лотерея саласында тәртіп орнату мақсатында тиісті заң әзірлеп, қабылдаған болатын. Осылайша, "Сәтті Жұлдыз" АҚ бірыңғай лотерея операторы құрылды. 2018 жылдың наурыз айынан бастап лотерея операторы 3,5 миллиард теңге сомасына 12 миллион лотерея билетін ұтысқа салды. Осы кезеңде оператор Қазақстанда спорт пен туризмді дамытуға қосымша 175 миллион теңгеден астам мақсатты төлемді мемлекет бюджетіне аударды.
Жеткен жетістікті қанағат тұтып, тоқырап қалмаудың амалымен, лотерея нарығын реттеу мақсатында келесі қадам ретінде лотереялық электрондық дүңгіршектердің (терминалдардың) ұлттық желісін құру қолға алынды. Ол тек онлайн-лотерея өнімдерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар бұған дейін Қазақстанға әкелінген барлық терминалдық жабдыққа бақылауды қамтамасыз етуге мүмкін-дік береді. 2016 жылға дейін Қазақстанда 20 000-нан астам түрлі терминалдар заңсыз әке-лінген, олардың басым бөлігі ойын автоматтары ретінде пайдаланылады. Жариялылығынан көлеңкелі тұстары басым мұндай автоматтарды құзырлы органдар, жергілікті билік ретке келтіре алмайтын. Біріншіден, ойын автоматтары Қазақстан заңнамасымен тыйым салынған, екіншіден, аталған құрылғылардың бақылаусыз жұмыс істеуі экономиканың көлеңкелі жағына он миллиард теңгеден астам қаржының өтуіне себепкер болды.
Олқылықты қалай жоюға болады? Заңсыз болып табылған құрылғылардың иелері болып табылатын қазақстандықтар келесі шарттарды сақтай отырып, электрондық билеттердің ресми таратушысы болу мүмкіндігіне ие болады. Өз тарапынан "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотерея операторы "Lotomatic" компаниясымен бірлесіп бағдарламалық қамтамасыз етуді ауыстыруды жүргізеді. Техникалық жаңғыртудан кейін терминал нақты уақыт режимінде лотерея билеттерінің сатылуына тәулік бойы бақылау орнату үшін мемлекеттік органдарда республикалық серверлерге қосылады. Терминалдың иесі фискалдау рәсімінен өтеді, салық есебіне тұрады және электрондық лотерея билеттерін таратуға ресми мүмкіндік алады.
Осы жобаны жүзеге асыра отырып, мемлекет еліміздегі барлық лотерей терминалдарының жұмысын реттеуді жоспарлап отыр, олардың иелеріне заңсыз қызметтен бас тартуға және электрондық жедел лотереяларды тарату үшін лотерея дүңгіршектеріне бар терминалдар қайта бағдарлауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, жаңа жоба кәмелетке толмағандарды лотереяға қатысудан қорғауы тиіс. Олай дей-тініміз, билеттерді сатып алу үшін ЖСН енгізу талап етіледі. Сондай-ақ мұндай шара өңірлік және республикалық бюджеттерге ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстанда спортты дамытуға арнал-ған аударымдар сомасын еселеуге жұмсалады. Естеріңізге сала кетейік, салық пен міндетті төлемдерден басқа "Сәтті Жұлдыз" бірыңғай лотерея операторы жалпы ойын табысының 15%-ын елімізде спортты дамытуға ресми түрде аударады.
Жалпы аты аталған ак-ционерлік қоғам 2016 жылғы 4 сәуірде құрылған. ҚР Ұлттық заңнамасына сай, 2016 жылғы 09 сәуірде қабылданған (2016 жылғы 1 мамырда қолданысқа енген) №495-V "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңына сәйкес, сонымен қатар, 2017 жылғы 10 ақпанда қабылданған №48 Үкімет Қаулысына сәйкес – қазіргі таңда компания Қазақстан Республикасындағы Бірыңғай лотерея операторы болып табылады.
"Сәтті Жұлдыз" АҚ мақсаты – қазақстандықтардың сеніміне ие болу. Бұл үшін "Сәтті Жұлдыз" АҚ, жоғары жүлде қорларын және ірі ақша төлемдерін қамтитын дүниежүзілік деңгейдегі лотерея өнімдерін ұсынады. Лотерея өнімдерін жасауда ашықтық және жауапкершілік қағидалары негізге алынған.
Дәл осы себептен, аталған мекеме дүниежүзілік деңгейдегі IT-жүйелерді енгізіп, онлайн жүйеде ҚР барлық аймағында сатылған лотерея билеттерінің санын, жүлде қорының мөл-шерін, ойынға қатысушылардың саны мен лотерея билеттерінің сату түсімінен төленген салық сомасын бақылап отыру мүм-кіндігіне ие болды. Сондай-ақ, Ұлттық бюджетке Қазақстан Республикасы спортын дамыту және қолдауға бағытталған ақшалай түсім мөлшерін реттеуге барынша күш жұмылдырды.
Компания корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне де ерекше мән береді. Қоғам ішінде дамыған дүниежүзілік лотерея нарықтарында "ойынға жауапты қарым-қатынас" (Responsible Gaming) деп аталып, экономиканың бұл саласын реттеудегі үкімет саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын ойынға деген қарым-қатынасты дамытуды көздейді.