Ұшқыр ой алаңы
Еуразиялық Топтың 25 жылдығына орай «ССКӨБ» АҚ жергілікті және аймақтық БАҚ тілшілері үшін «BrainBoy» зияткерлік ойынын ұйымдастырды. Жарыс тарих, ғылым, мәдениет және спорт салаларын қамтитын 5 кезеңнен тұрды.
Жеребе арқылы 3 топқа бөлінген командалар ұшқыр ой алаңында жан-жақтылығы мен тапқырлығын көрсетті. Логика мен терең білімге негізделген бейне және музыкалық сұрақтарды да «төртінші билік» өкілдері жаңғақтай шақты.


Ойын қорытындысы бойынша «Қостанай таңы», «Рудный даусы» және «Рудный цифрлық телеарнасы» өкілдерінен құралған «Мозговой штурм» командасы жеңіске жетіп, қаржылай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар компанияның брендтік естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ