Әлемді таңдай қақтырған! (БЕЙНЕБАЯН)

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімі көпшіліктің көңілінен шықты. Әлемнің түкпір-түкпірінен тікелей трансляцияны тамашалағандар алған әсерлерін ғаламторда жария етуге асықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. от шашу
 
Еске сала кетсек, 2017 жылы 9 маусымда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ашық деп жариялады. Айта кетейік, көрменің ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтіп, кейін ол Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерт аяқталған соң көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып отшашуды тікелей трансляция көмегімен әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар тамашалады.пикирлер
Ашылу рәсімі көңілінен шыққандардың бірі – сонау Оңтүстік Американың тұрғыны Katharina Brandt есімді пайдаланушы. Ол: «Жаңбырлы Чилидің оңтүстігінен жалынды сәлем! Қазақстанға және ТМД-ға сәлем! Құрметті отандастар бейбітшілік пен сүйіспеншілік болсын!», – деп жазды, тікелей эфирдегі салтанатты шараны тамашалай отырып.  
Людмила Фалко болса: «Қазақстанға алғыс айтамын! Сонда тұрған кезімде өмірімнің ұмытылмас сәттері өтті. Сағынамын, Сіздерге ең жақсыны және бейбітшілікті тілеймін. Сәлеммен – Лондоннан», – деп, Тұманды Альбионнан жалынды сәлем жолдады.
Ал Ақжолбек Қоңыров: «Қырғызстаннан сәлем! Қазақтар, жарайсыңдар!», – деп қошемет білдірсе, «Германиядағылар да тамашалап отыр. Отаным Қазақстанымды сүйемін!», деп жазды Нелли Гис. «Қазақстанға сәлем!!! Өте тамаша! Сіздерді Воронеж (Ресей) тамашалап отыр. Астананың бұрынғы тұрғыны», – деп жазды халықаралық көрменің ашылу рәсімін көріп отырған ресейлік Зинаида Марьянова. фотооАмфитеатрда өткен шараның ашылу рәсіміне, Сферадағы проекциялық лазерлі шоуға және, шамамен, 15 минутқа созылған таңғажайып отшашуға қатысты таңданысты пікірлерін ғаламтор желілерінде қалдырушылардың санында шек жоқ.
 
Суреттер мен бейне ғаламтордан алынды
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓