Газ жоспардағыдан ерте қосылады

"Қарталы-Рудный" газ құбырын жөндеу аяқталды. Бұл туралы "ҚазТрансГазАймақ" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ ақпаратына сүйенген компания өкілдері коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға газ кезең-кезеңімен беріле бастағанын айтады. Көгілдір отын бар болғаны 9 күн ғана болған жоқ. Жөндеу жұмыстары белгіленген межеге апта жетпей аяқталды. 
"Құбырішілік дефектоскопия қорытындысы бойынша, "Қарталы-Рудный" магистральді газ құбырының 19,2-100 шақырым аралығындағы учаскесінде ақау табылған. Жұмысқа Орал, Атырау, Ақтау, Тараз және Қостанайдан 6 жөндеу бригадасы, 2 оқшаулау бригадасы және Орал қаласының далалық зерттеу зертқанасынан 4 бригада шақырылды. Ұзын саны 104 маман жұмыс істеген. 130 арнайы техника жұмылдырылды. Құбырларды жөндеу кезінде облыс тұрғындарына газ беру тоқтатылған жоқ", – делінеді компания хабарламасында.
Жұмыстардың ерте аяқталуы суды қысым сынағынан өткізу шараларына да оң ықпалын тигізеді. Қазандықтан 18 тамызда іске қосылып, 19 тамызда үйді-үйге ыстық су беріле бастамақ. Бұған дейін ыстық су 25 тамызға дейін болмайтыны хабарланған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓