Мың домбыра, екі күй!

Амангелді ауданында Ұлттық домбыра күні мен елорда мерекесі қарсаңында түрлі рухани, бұқаралық іс-шаралар өтті.
Аудандағы Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте кәсіпкер Серік Қанафиннің демеушілігімен шағын футбол алаңы ашылды. Бұдан соң жастарға арналған шағын 8 пәтерлік үй пайдалануға берілді. Жастар жылына орай «Жастар саябағы» ашылды. Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде дарынды бір тауар музыкант Төкен Елтебаевты еске түсіруге арналған ғылыми конференция, ескерткіштің ашылуы және «Ұрпақ сабақтастығы» атты ұлт-аспаптар ансамблінің байқауы өткізілді.
66061557_861421640891053_1812289264755408896_n
Ұлттық домбыра күнінің басты жаңалығы – ауданда тұңғыш рет 1000 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Бұл бастаманы аудан әкімі Әмірхан Асанов көтерген. Домбырашылар бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» және «Келіншек» күйлерін орындады. Өнерпаздар ауданның әр ауылынан келген. Аудандағы мереке эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен түйінделді.
Толығырақ газеттің Амангелді ауданындағы меншікті тілшісі Хамитбек Мұсабаев ақпарат беретін болады.
 
66066796_861420740891143_1985601125113397248_n
62646707_861421864224364_7747343234946301952_n

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓