ҮЕҰ-дың басқосуы
Сарыкөлде үкіметтік емес ұйымдардың басқосуы болып өтті. Басқосу барысында «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Шығыс аймақтардың ауылдарында ҮЕҰ орталықтарын ұймдастыру» әлеуметтік жобасы аясындағы бағдарламалармен таныстырды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Елена Бауэр келген қонақтармен таныстырып, аталмыш тапсырма аясында ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Бұл басқосуды облыстық «Жастар денсаулық орталығы» ҚҚ ұйымдастырып, оны жоба жетекшісі Татьяна Дериглазова мен кеңесші Кира Кокорина жүргізіп, алдымен әлеуметтік жобаларға әлқиссалар жасады. Сондай-ақ, ҮЕҰ-ның қатысуымен жергілікті бизнес пен жергілікі әлеуметтік мәселелер талқыланды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және әлеуметтік мекемелерді ұйымдастыру аясындағы әлеуметтік идеялар мен жобаларды қолдау жайында ауқымды түрде айтылды.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы