Кәсіподақ – қорғаның
Өткен айдың аяғында ҚР "Кәсіподақтар туралы" заң жобасына қоғамдық қарым-қатынастарды толық дәрежеде реттеуге мүмкіндік беретін бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы сәрсенбі күні облыстық кәсіподақтар кеңесінің мәжіліс залында өткен семинар-кеңесте айтылды.
Сонымен қатар, мәжілісте жұмыс берушілердің зейнеталды жастағы жұмыскерлерге қатысты еңбек заңнамасын сақтауы, өндірістік ұжымдардың қатысуын кеңейтуге көмектесу және еңбекті қорғау мәселелері қаралды.
"Жаңа заң оларға әлеуметтік әріптестермен тығыз ынтымақтастық орнатуға, қорғаныс функциясын күшейтуге, ал жұмыскерлерге еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіподақтарға бірігуге жол ашады", – деді ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Г.Жұмагелдиева.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ