Арыс оқиғасы: облыс әкімі 1 күндік жалақысын аударды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арыс қаласында болған оқыс жағдайға байланысты көңіл айтып, жапа шегуші ағайындарға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударатыны туралы мәлімдеме жасады.
"Түркістан облысы Арыс қаласындағы қайғылы оқиғада қайтыс болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын.
Бүгін бір күндік жалақымды аударып, әріптестерімді де қолдауға шақырдым. Менің үндеуімді 3644 мемлекеттік қызметші қолдап, барлығы 20 млн теңгеге жуық қаржы аударды. Кәсіпкерлер де зардап шеккен және көшірілген азаматтарды қолдау мақсатында алғашқы гуманитарлық жүк жинады: 20 тонна 1-сұрыпты ұн, 7 тонна макарон және "Bayan Sulu" өнімдері. Жүк ертең жіберіледі.
Арыс қаласының тұрғындарына денсаулық, шыдамдылық және өз үйлеріне аман-есен оралуын тілеймін. Сондай-ақ, осы оқиғаға қол үшін көрсеткен қостанайлықтарға алғысымды білдіремін", – деп жазды аймақ басшысы Инстаграм желісіндегі жеке парақшасында.