Баспаналы болды

Федоров ауданында төрт пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспана спорт, денсаулық сақтау салаларының мамандары  мен мемлекеттік қызметшілерге арналған.

IMG_3299Ауданда 2011 жылы денсаулық сақтау саласының мамандарына, 2012 жылы білім саласының қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталған еді. Баспаналы болғандардың қатарына биыл спорт саласының өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер қосылып отыр. Аталған сала мамандарына пәтер кілтін табыстау рәсіміне облыс әкімі Нұралы Садуақасов қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.

IMG_3304-Облыста 230 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Соның 44 мыңы «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» бойынша кезекке тұрғандар мен жас отбасыларға арналған. Бүгінде өңірімізде төрт пәтерлі және тоғыз қабатты зәулім үйлер бой көтеруде. Осылайша халықтың баспанаға деген мұқтаждығын өтейтін боламыз. Соңғы жылдары Федоров ауданында абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Сала мамандарының баспаналы болып жатқаны атқарылған жұмыстың бір парасы. Жаңа үй жайлы да жылы болсын,-деді облыс әкімі Н.Садуақасов.

Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓