500 комбайн Беларуссияға жөнелтіледі

Шетелдік кәсіпорындардың қостанайлық ауылшаруашылық техникаларына сұранысы мол. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов мәлім етті.IMG_41532018 жылдың басында Қазақстаннан Беларусь Республикасына 500 комбайн жөнелтіледі. Бұл екіжақты тараптың келісімі арқылы жүзеге асырылып отыр.
«Биыл көлік құрастыруға 67,5 млрд теңге бөлінді. Қаржының 23,4%-ы өңдеу секторына жұмсалды. Бұл көрсеткіш 2016 жылы небәрі 12,9% болған. Қостанайлық мамандардың қатысуымен барлығы 3,5 мың жеңіл автокөлік шығарылды. Бұған қоса 296 IVECO автобусы сатылымға шықты», – деді Ерлан Спанов. IMG_4156Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік сатып алу конкурстары мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде артылған 2 млрд 123 млн теңге әлеуметтік саладағы біраз мәселені шешуге септігін тигізеді. Мәселен, үнемделген қаражаттың басым бөлігі, яғни 1 млрд 69 млн теңге орталық стадионның күрделі жөнделуіне, ал 500 млн теңге үш әкімшілік ғимаратты ретке келтіруге жаратылады. Сондай-ақ, полицейлерге арналған портативті бейнебақылау құрылғыларын сатып алуға 249 млн теңге жоспарланған.
Үнемделген қаражаттың біраз бөлігі «Юбилейный» шағынауданында салынатын тұрғын үйлердің сметалық-жобалық құжаттарына кетеді. Артылған қаражат тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жаңартуға да жұмсалмақ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓